384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында 320 көп балалы анаға атаулы әлеуметтік көмек берілді

  • 55
  • UPD: 07:48, 11.06.2019
Алматы облысында 320 көп балалы анаға атаулы әлеуметтік көмек берілді

Жыл соңына дейін Алматы облысы Кербұлақ ауданындағы көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларға жарты млрд теңгеге жуық жәрдемақы беріледі.

Жаңа форматтағы мемлекеттік көмекті қазір аймақтағы 320 көп балалы ана алған. Осы мақсатқа 95 млн теңге бөлінді. Сонымен қатар жағдайы төмен жанұяларды баспанамен қамту ісіне де баса мән беріліп отыр. Бүгінгі күні Сарыөзекте 18 тұрғын үйдің іргетасы құйылып, қабырғасы қалана бастады. Құрылысы осы жылдың соңында аяқталады. Үкіметтік бағдарламадан бөлек кәсіпкерлерде мұқтаж жандарға қол ұшын беруде.

Болысбай Момбаев, аудан әкімінің орынбасары:

– Басында баспанасы жоқ пәтер жалдап тұрған 15 отбасыға ауылдың қалталы азаматтары 15 үйді сыйлап, кілтін табыс етті. Мұндай игі істер аз емес. Біреуі мектеп салып беріп жатыр, біреуі үй беріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы