389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкент пен Нұр-Сұлтанда тұрғын үй құрылысы бәсеңдеген

  • 206
  • UPD: 11:48, 11.06.2019

Жыл басынан бері елімізде 4,6 млн шаршы метр тұрғын үй салынып, 40 мың 546 баспана пайдалануға берілді.

Тұрғын үйлерді тапсыру көлемі өткен жылмен салыстырғанда Республиканың 15 өңірінде өскен. Алайда Шымкент пен Нұр-Сұлтанда құрылыс жұмыстары бәсеңдеген. Енді аталған екі шаһар жылдық жоспарды орындау үшін осы саладағы жұмыстарын жандандыруы тиіс. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында айтылды. Жалпы 2019 жылдың өткен бес айының қорытындысы бойынша өнеркәсіптік өндіріс көлемі артқан. Бұл көрсеткіш тау-кен және өңдеу саласында байқалады.

Хабар 24 телеарнасы