379,60 431.00 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде өзін өзі басқару жүйесі нығайтылады

  • 164
  • UPD: 15:22, 13.06.2019
Елімізде өзін өзі басқару жүйесі нығайтылады

Мемлекет Президенті қызметіне кіріспес бұрын Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеген «Күшті аймақ - күшті Қазақстан» қағидаты өңірлерде өзін өзі басқару жүйесін іс жүзінде нығайтады.

Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Маңғыстау облысы бойынша филиал директоры Айгүл Демеуова осылай дейді. Оның айтуынша, шалғай өңірдің барлық елді мекен әкімдері жыл сайын партаға отырып, білімін ұштауы дәстүрге айналған. Дәріс кезінде әкімдердің стратегиялық басқару және көшбасшылық қабілеті артып, өзіне бекітілген бюджетті тиімді әрі нәтижелі жарату тетіктерін меңгереді. Сәйкесінше бес аудан мен екі қаланы көркейтіп, халық тұрмысын жақсартуға бағытталған іс-шаралар тың серпін алуда.

Айгүл Демеуова, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы өңірлік филиалының директоры:

- Төрт күндік дәстүрлі семинар өткен сәуір айында Ақтауда өтті. Оған Маңғыстау өңіріне қарасты 46 елді мекеннің әкімдері түгел қатысып, дәріс алды. Сабақ мемлекеттік сатып алу, коммуналдық меншікті басқарудағы өзекті мәселелердің оң шешімін табудан бастап, еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын терең ұғындыруға бағытталған. Қазақстан Президентінің мәлімдемесінен соң өңірлерде өзін-өзі басқару жүйесін дамыту шараларының жаңа серпін алары сөзсіз.

Хабар 24 телеарнасы