389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Президенттің қоғамдық сенім кеңесін құру жөніндегі бастамасы қоғамда қызу талқылануда

  • 308
  • UPD: 15:52, 14.06.2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамдық сенім кеңесін құру жөніндегі бастамасы қоғамда қызу талқыланып жатыр.

Әсіресе, оның қатарына кімдерді қосу керек деген сауал көптеген пікірталастарға негіз болды. Алайда арнайы топтың қатарына енетін азаматтарға қойылатын басты талап біреу - ол тұрғындардың көкейінде жүрген күрделі мәселелерді жауапты мекемелерге жеткізу.

Динара Шайжүнісова, «Болашақ» қоры қамқоршылық кеңесінің төрайымы:

– Осындай алаңдар тұрғындарға қатысты мәселелерді тезірек шешуге мүмкіндік береді. Адам құқығына қатысты сұрақтар, қоғамдық реформалар да сонда талқыланады. Біз үшін оған қандай әлеуметтік топ өкілдерінің кіретіні маңызды. Сондықтан кеңеске әр саланы жақсы білетін сол тақырыптың маманын тартқан жөн. Мәселен, біз ерекше балалар жөнінде айтсақ, бұл көп балалы отбасылардың мәселесімен айналысып жүрген адамдар не болмаса ұйым өкілдері болуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы