389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Батысқазақстандықтар: Бастысы жауапкершілік жүгін бірлесе көтеруіміз қажет

  • 226
  • UPD: 15:55, 14.06.2019

Қазақстан халқына салтанатты түрде ант берген Қасым-Жомарт Тоқаев «Азаматтарымыз өз елінде алаңсыз өмір сүріп, еңбек етіп, ұрпағын тәрбиелеп, халқымыздың жетістіктеріне бірге қуанып, мақтан тұту үшін экономикалық өсім болуы тиіс.

Таяу арада Үкіметтің кеңейтілген отырысында біз еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған нақты міндеттерді айқындаймыз», – деп атап өтті. Президент бұл ретте түрлі саяси және қоғам қайраткерлері тарапынан түскен құнды ұсыныстар мен бастамалардың маңызы зор екенін айтты. Яғни ашық және әділ жұмыс істеп, заңға сай адал қызмет ету баршаға ортақ міндет болмақ. Бастысы, жауапкершілік жүгін бірлесе көтеруміз қажет, дейді батысқазақстандықтар.

Жұмажан Қожжанов, мүгедектер ерікті қоғамының төрағасы:

– Біз халыққа сенім артамыз. Президент өзіне жауапкершілік алып, Үкіметке жауапкершілікті күшейтудің жолын айтып отыр. Халыққа адал еңбек етіп, қоғамның дамуына үлес қоссақ қана көптеген нәтижеге жететінімізді байқатып өтті.

Хабар 24 телеарнасы