383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ж.Әзіретбергенов: Ұлттық қоғамдық сенім кеңесті құру – халықтың ынтымағын арттыратын маңызды қадам

  • 52
  • UPD: 15:28, 15.06.2019

Елді біріктіріп, тұтастығын нығайтуда және билік пен халық арасын жақындатуда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрылғаны дұрыс, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені бұл халықтың ынтымағын арттыратын маңызды қадам болмақ. Түркістан облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергеновтың пікірі осындай. Қарияның  айтуынша, билік пен халық арасы берік болып, екеуі бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруы тиіс.

Айта кетейік, ел президентін ұлықтау рәсімінде Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы тамыз айында елдің қоғамдық сеніміне жұмыс істейтін ұлттық кеңес құрылатыны туралы айтқан болатын. 

Жарылқасын Әзіретбергенов, облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы:

- Жер-жердегі, әсіресе жергілікті халықтар, көп балалы аналар, жалпы қоғамдық ұйымдар, елдің экономикасын дамытуда, бірлігін ұстауда да, достығын нығайтуда да үлкен рөл ойнайды. Егер де республика бойынша Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылатын болса, бұл біздің мелмекетіміздің бірлігіне де, тірлігіне де, экономикасының дамуына да, қарапайым халықтың өміріне сөзсіз әсер ететін, сондай кеңес болады деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы