383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғандық дәрігерлер президенттің бастамаларын қолдайды

  • 141
  • UPD: 23:38, 16.06.2019
Талдықорғандық дәрігерлер президенттің бастамаларын қолдайды

Президенттің 10 тапсырмасы қоғамдағы әлеуметтік түйткілдерді шешуге айрықша басымдық берілетінін көрсетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кәсіби мерекесін атап өтіп жатқан талдықорғандық медицина қызметкерлері осындай пікірде. Дәрігерлер қауымын әсіресе Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ел тұрғындарының табысын арттыру – стартегиялық маңызды мәселе» деп атап өтуі қуантқан. Сосын қоғамдық сенім жөніндегі ұлттық кеңестің құрылуын қызу қуаттап отыр.

Сәуле Құсмолданова, көпсалалы аурухананың бас дәрігері:

- Қоғамдық сенім жөніндегі ұлттық кеңес көптеген түйткілді мәселелерді шешіп береді. Ол билік пен тұрғындардың арасындағы алтын көпір іспетті болады деген сенімдеміз.

Хабар 24 телеарнасы