389,96 432,20 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да жол жөндеу жұмыстары қарқын алды

  • 269
  • UPD: 13:21, 18.06.2019
ШҚО-да жол жөндеу жұмыстары қарқын алды

Шығыс Қазақстан облысында биылғы маусымда 300 шақырымға жуық жол жөнделеді.

Осылайша Өскемен-Самара, Семей-Курчатов, Бородулиха-Жезкент сынды бірнеше қатынастарда жұмыс қызып жатыр. Республикалық жолдар да басты назарда. Өскемен-Алтай-Рахман бұлақтары және Омбы-Майқапшағай, Таскескен-Бақты жол бөліктері бюджет есебінен күрделі жөндеуден өтіп жатыр. 62 шақырым қашықтықтағы соңғы екі қатынас осы күздің аяғына дейін қолданысқа беріледі деп жоспарлануда. Сонымен қатар Талдықорған-Өскемен бағытындағы жол бөлігінің сапасы да жақсармақ. Бұл жұмыстарға 110 миллиард теңге бөлінбек.

Асылбек Нұғманов, «Қазавтожол» ҰК АҚ ШҚО филиалы директорының орынбасары:

- Жалпы, 2019 жылғы жөндеу жұмыстарының нәтижесінде 124  шақырым жол жабындысы жаңартылады. Бұлар – Өскемен-Қалбатау бағытындағы 102 шақырым жол, Қалбатаудан Аягөзге және Аягөзден Алматы облысының шекарасына дейінгі қашықтықтар.

Хабар 24 телеарнасы