384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде демографиялық институт ашылады

  • 204
  • UPD: 16:51, 19.06.2019
Елімізде демографиялық институт ашылады

Бұл туралы «Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Жұматай Әлиев мәлімдеді.

Оның айтуынша, оған демографтар мен тарихшыларды, археологтарды тарту көзделген. Осыған орай «Қазақстан халқының демографиялық даму бағыттары және әлемдік тәжірибе» атты халықаралық ғылыми конференцияда ғалымдар бас қосып, халық санының өсу және тұрақтылық ахуалын талқылады. Жалпы әлем бойынша 100-ге жуық демографиялық институт бар екен. Олар өз халқының өсуіне саналы ұрпақ тәрбиелеуге үлес қосып келеді.

Жұматай Әлиев, «Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі:

- Орталықтар ашу керек. Қыз-бен жігітті таныстыратын. Мұның барлығын әкіматтар өз қарамағына алу керек. Бұл бір адамның ғана қолынан келмейді. Біз бұл тақырыпты ел боп, халық боп жұмыла көтеруіміз керек.

Хабар 24 телеарнасы