389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда азық-түлік тауарлары қымбаттады

  • 372
  • UPD: 22:49, 19.06.2019

Өнімдердің өсімі 5 пайыздан асты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар болса 6,4 процентке өсті. Ал табиғи монополия субъектілерінің қызмет тарифіне қатысты оң өзгерістер бар. Ұлттық экономика министрінің айтуынша, былтыр коммуналдық қызмет тарифінің орташа жылдық өсуі 8,6 пайыздан 2,45 процентке дейін төмендеді. Осылайша ыстық судың құны 2,2, электр қуаты 1,1, газ 2,7 және жылу 2,6 процентке дейін азайды.

Руслан Дәленов, ҚР ұлттық экономика министрі:

- Биыл сумен жабдықтау тарифтері – 8, су тарту – 6,6, жылу – 12,1, газбен жабдықтау – 8,8, электрмен жабдықтау 7,7 процентке төмендеді. Соңғы 5 айда табиғи монополия және жер ресурстарын қорғау субъектілеріне 87 жоспардан тыс тексеру жүргіздік. Бүгінде 32 компания жалпы сомасы 71,4 млн теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Табиғи монополиялар туралы заңнаманы бұзуды тоқтату туралы 39 ұйғарым жібердік.

Хабар 24 телеарнасы