384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


7 мыңнан астам ауыл тұрғыны арнайы пойызда тегін медициналық көмек алды

  • 196
  • UPD: 18:08, 20.06.2019
7 мыңнан астам ауыл тұрғыны арнайы пойызда тегін медициналық көмек алды

Еліміздің шалғай бекеттерінің 7 мыңнан астам тұрғыны мамандандырылған пойызда тегін медициналық көмек алды.

«Медициналық пойыз» Алматы, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының елді мекендерінде болды. Қазіргі уақытта ол Ақмола өңіріне аялдады. Пойыз жолға шыққан күннен бастап 1 мың 465 бала медициналық тексеруден өткізілді. Жалпы тексерушілердің саны 20 мыңнан асты. 600-ден астам кіші хирургиялық операция жасалды. 300-ге жуық асқазан-ішек жолын тексертсе шамамен 2 мың жарым азамат ультрадыбыстық зерттеуден және 1 мың 300 адам флюорографиядан өтті. 17 маусым мен 7 шілде аралығында медициналық пойыз Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарындағы 24 бекетке тоқтайды.

Хабар 24 телеарнасы