384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан ТМД елдері арасында өзінің шекарасын шегендеп алған жалғыз мемлекет

  • 631
  • UPD: 19:43, 23.06.2019

Шекараны бекіту - ел тәуелсіздігінің кепілі. Егемендік алған елең-алаң тұста Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көршілес мемлекеттермен шекара мәселесін реттеуге кірісті.

Жан-жақты жүргізілген саясаттың арқасында көрші мемлекеттермен аралықты заңды түрде бекітіп, ымыра-уағдаластыққа қол жеткіздік. Ел ағалары кейінгі буын осы игілікті біліп өсуі керек дейді.

Ұлттық шекараны дау-дамайсыз делимитациялау және демаркациялау кез келген мемлекет үшін маңызды мәселе саналады. Себебі шекара межесінің көршілес мемлекеттермен өзара келісімдер мен шарттар арқылы белгіленгені - елдің тыныштығы мен аумақтық тұтастығының және мемлекеттің қауіпсіздігінің кепілі. Қазақстанның мемлекеттік шекарасының жалпы ұзындығы 16 мың километрді құрайды. Еліміздің мемлекеттік шекарасы барлық көрші елдермен нақтыланып, шегенделген. «Бұл еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегінің жемісі» дейді Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Елдос Саудабаев.

Елдос Саудабаев, облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары:

- Елбасы тәуелсіздігіміздің таңсәрі шағында-ақ геосаяси жағдайымыздың өзіндік ерекшелігіне байланысты елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ең алдымен саяси құралдарға, оның ішінде көкейге қонымды, сарабдал дипломатияға арқа сүйеді. Сол кездегі ұлттық қауіпсіздік стратегиясының негізгі қағидаттары елдің мемлекеттік және аумақтық тұтастығын сақтай отырып, бәрінен бұрын бейбітсүйгіш саясатқа иек артып, қалыптасқан шекарамызды бектіп алуды қолға алды. Бұның барлығы Елбасының көрегендігі мен сарабдал саясатының арқасында іске асты.

Жалпы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекараның ұзақтығы  2 мың 150 шақырымды құраса, оның 958 шақырымы Түркістан облысымен шектеседі. Оның 200 шақырымы елді мекендердің арасымен өтеді. Табысты келіссөздердің нәтижесінде тараптар өзара ымыраға келіп, барлығы жоспарлағандай аяқталған. Жалпы Түркістан облысы Өзбекстанның  Ташкент, Сырдария және Жиззақ облыстарымен шектеседі. Онда 6 кеден бекеті жұмыс істейді.

Елдос Саудабаев, облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары:

- Жыл басынан бері екі ел арасындағы алыс-берістің көлемі артқан. Сыртқы сауда айналымы 197 млн АҚШ долларына жетті. Тауарлардың экспорты 84 млн долларға, импорт 112 млн долларды құрады. Тауар айналым өткен жылмен салысытрғанда 2,5 есеге ұлғайды. Соңғы 5 айдың көрсеткіші бойынша Түркістан облысының кеден бекеттері арқылы 5 млн 800 мың адам 104 мың жүк көліктері өткен. Көрші елдің кеден қызметімен тығыз қарым-қатынас орнатылған.

Жақында еліміз кедендік рәсімдерді жылдамдату, уақыт пен шығынды үнемдеу, электронды декларациялау жүйесін енгізу, құжат санын қысқарту мақсатында «Астана-1» ақпараттық жүйесін енгізді. «Бір терезе» қағидасы бойынша барлық ветеринарлық, фитосанитарлық, карантиндік және салықтық бақылау түрлері жүргізіледі. Айта кетейік, Қазақстан ТМД елдері ішінде өзінің шекарасын шегендеп алған жалғыз мемлекет.

Авторлары: Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш

Хабар 24 телеарнасы