383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жетісулықтар «Арыс, біз біргеміз» акциясына атсалысуда

  • 201
  • UPD: 23:35, 25.06.2019
Жетісулықтар «Арыс, біз біргеміз» акциясына атсалысуда

Арыс қаласының әскери бөліміндегі жарылыс салдарынан үйлерін тастап, қауіпсіз жерге көшуге мәжбүр болған ағайынға Алматы облысының тұрғындары қолдан келген көмектің бәрін жасап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жетісу жеріндегі мемлекеттік қызметкерлер бір күндік жалақысын аударды. Ал ел басына түскен ауыртпалыққа бейжай қарай алмайтын аға буын өкілдері зейнетақы есебінен қаржылай көмек көрсетуге дайын екендерін жеткізді. Ертең Алматы облысынан Арысқа гуманитарлық көмек жүгі тиелген алғашқы керуен аттанады.

Жүніс Рахымбекұлы, Ақын Сара ауылының тұрғыны:

- Біз арыстықтармен біргеміз. Оларға зейнетақымыздан шама келгенше аударамыз. Бұл ­– біздің міндетіміз. Қазақ ұлты сондай. Бір адам қиыншылыққа ұшыраса, бүкіл қазақ ауыл болып көмек көрсететін.

Баймұхамет Омаров, Талдықорған қаласының тұрғыны:

- Құдайдың бір сынағы болған шығар. Қолымыздан келгенше зейнетақымызбен көмектесеміз.

Қарлығаш Жадранова, Талдықорған қаласының тұрғыны:

- Арыстықтардың қайғысына ортақпыз. Естігеннен көңіліміз жабырқап жүр. Арты жақсы болсын. Алла жақсылыққа жолықтырсын.

Хабар 24 телеарнасы