389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-дағы сауықтыру орындары арыстық зейнеткерлерді қабылдауға дайын

  • 382
  • UPD: 23:31, 25.06.2019

Шығыстағы жұрт та шет қалған жоқ. Облыстың барлық қала, ауданында арнайы штабтар құрылып, гуманитарлық көмек қабылдайтын орындар ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

«Арыс. Біз біргеміз» республикалық акциясына аймақтағы қарпайым азаматтардан бастап шағын және орта кәсіп иелері мен ірі өндірістік ұжымдар да атсалысып жатыр.

Арыстағы елмен бүкіл ел бірге. Сондықтан кешелі бері әркім өз мүмкіндігінше қол ұшын созып жатыр. Шығыс Қазақстан  облысындағы лагерьлер бірнеше жүз баланы, ал  сауықтыру орындары зейнеткерлерді қабылдауға дайын. 

Кешелі бері облыстағы әр қала мен ауданда арнайы штабтар жанынан гуманитарлық көмек қабылдайтын орындар ашылды. Сонымен қатар Арыстағы ағайынның ахуалын оңалтуға аймақтағы барлық мешіттер де көмектесуге кірісп кетті. Әсіресе алыс аудан мен ауыл тұрғындары жинаған көмектерін жергілікті мешіттер арқылы жіберіп жатыр.   Өскемен қаласындағы Халифа Алтай атындағы орталық мешітке дәл қазіргі уақытта жүздеген қорап зат жиналды. Олардың көбі бұзылмайтын азық-түлік және күнделікті  тұрмысқа қажет жуу құралдары мен тұрмыстық дүниелер. «Арыспен біргеміз» республикалық акциясы басталысымен  облыстағы әрбір аудан, ауыл қаладан заттар лек-легімен келіп жатыр.

Ермек Қажы Тасболатұлы, ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы:

– Ауылдық мешіттер әрқайсысымыз жамағатпен  қайырымдылық шарасын бастады. Қазір жүктердің бәрі жиналып жатыр. Азық-түлік бар. Ең қажетті заттар. Киім-кешек, көрпе-жастық деген сияқты. Осылардың бәрін біріктіріп, жақын уақытта Арыс қаласына аттандырамыз. Әлбетте бұл бір күнмен тоқтап қалмайды. Ары қарай бүкіл аудан, қаламыз бар, келгеннің бәрін таратымыз.

Бақдәулет Мүрсәлім, зейнеткер:

– Жасым 80-нен асқан. Іші-бауырым, жүрегім елжіреп тұрған адаммын. Ақсақалдарымыз бар, үлкендеріміз бар. Басқа ұлттар бар, жабылып көмектесіп жатырмыз. Міне, шамамыз келгенше барлық жағдайды жасаймыз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген. Жүрекпен істеген іс өз жүйесін табады.

Иә, «жұмыла көтерген жүк жеңіл». Облыстағы жастар ресурстық орталығының өкілдері де «Арыс, біз біргеміз» акциясына белсене қатысып, бір күндік еңбекақыларын аудармақ. Белсенді жастардың бастамасымен қаладағы ірі сауда орындарында қайырымдылық сөрелері де ашылды. Осындай шара Nur Otan партиясының филиалында да атқарылып жатыр. Өскемендіктер қолда бар көмектерін аямай, Арыс халқына барынша демеу көрсетуге ниетті.

Бүгін таңертең облыс әкімдігінде Арыстағы ахуалды оңалтуға байланысты арнайы жиын өтті. Осыған облыстағы барлық ірі өндірістер мен кәсіпорындардың жетекшілері қатысты. Біз тілдескен бірнеше компанияның басшысы міндетті түрде материалдық және қаржылай көмек болатынын айтты. Ал құрылыс мекемелері баспана салуға да жәрдем бермек. Ал үлкен кәсіпорындар бір күндік еңбекақыларын аудару мәселесімін өзідеріндегі салалық кәсіподақ ұйымдарымен бірілесіп шешетіндерін мәлімдеді. Жалпы, кешелі бері жиналған гуманитарлық көмек ертеңнен бастап Арысқа жөнелтілмек. 

Авторы: Олжас Керейхан

Хабар 24 телеарнасы