384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодардан 91 тонна жүк Арыс қаласына жол тартты

  • 194
  • UPD: 13:59, 26.06.2019

Арыстағы ағайынның жағдайына қабырғасы қайысқан Павлодар облысының тұрғындары да жаппай жылу жинады.

Өзгенің қайғысын өзімдікі деп білетін қазақ жұртының бірлігі мен татулығы осындайда айқындалса керек. Бүгін, міне, бес ауыр көлікке тиелген 91 тонна жүк Арыс қаласына жол тартты. Игі бастамаға өндіріс ошақтары, кәсіпорындар мен бизнес қауымдастықтары белсене атсалысты. «Nur Otan» партиясының облыстық филиалында ашылған штабқа тұрғындар тәулік бойы ағылып жатыр. Арыс халқына картоп, ұн, сары май, бұқтырылған ет, өсімдік майы, күріш, қант, макарон бұйымдары, төсек жабдықтары және гигиенаға қажетті заттар жіберілді. Балалардың ойыншығына дейін жиналған. Атап өтерлігі, көш керуенін «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Николай Дычко өзі бастап бара жатыр. Ендігі міндет – халықтың аманатын аман-есен жеткізу. Павлодардан Арысқа дейін бұл көліктер 2 мың шақырымдай жол жүреді.

Бауыржан Бекмұрзаев, жеке кәсіпкер:

– Жол өздеріңізге белгілі, жақын жол емес. Мына үлкен жүк көліктерді Арыс қаласындағы діттеген орынға жеткізуге тырысамыз, уәде береміз. Павлодардан 5 жүк көлігі, Екібастұздан тағы бір жүк көлігі шыққалы жатыр.

Хабар 24 телеарнасы