384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үкімет қазақстандық журналистердің кәсіби мерекесін бекітті

  • 178
Үкімет қазақстандық журналистердің кәсіби мерекесін бекітті kazpravda.kz

ҚР Үкіметінің Қаулысымен 28 маусым Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні болып бекітілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы (2019 жылғы 25 маусым №431 Нұр-Сұлтан, Үкімет Үйі) «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сəйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ етеді:

1. «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., №53, 343-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесінде: мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын: «6-1. Байланыс жəне ақпараттандыру қызметкерлері күні - 17 мамыр»; 16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «16. Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні - 28 маусым».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.МАМИН 

Ақпрат көзі: inform.kz

Хабар 24 телеарнасы