389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облыстық ҚХА мүшелері Арыстағы жағдайға қатысты өз шешімдерін қабылдады

  • 221
  • UPD: 11:39, 27.06.2019

Атырау облысындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері де Арыстағы жағдайға қатысты өз шешімдерін қабылдады.

Бүгін мұнайлы өлкедегі 17 этно-мәдени бірлестік өкілдері арнайы бас қосып, жарылыстан зардап шеккен тұрғындарға көмектесу жөніндегі жоспарларын жария етті. Атап айтқанда, облыстағы ассамблея филиалының жанынан құрылған жастар қанаты «Жақсылық жаса» акциясын ұйымдастырмақ ниетте. Бұл жоба бойынша жастар арасынан құрылатын еріктілер тобы Арыс қаласына арнайы барып, тұрғындарға көмек көрсетпек ойда. Мұнда зардап шеккендерге медициналық, психологиялық және тағы да басқа көмек түрлері көрсетіледі. Сонымен қатар бүгін Ассамблея мүшелері мен этно-мәдени бірлестік өкілдері өз қалталарынан 1 миллион теңгеден астам қаржы жинап, арнайы есепшотқа аударды.

Зураб Бобохидзе, «Иверия» грузин ЭМБ төрағасы:

– Мен Атырау халқын Арыс тұрғындарына көмектесуге шақырамын. Бүгін өзім қорға 100 мың теңге аудардым. Әрине бұл аз қаражат, сондықтан мүмкіндігіме орай тағы да ақша қарастыратын боламын. Өйткені бұл біздің азаматтық парызымыз деп білемін. Ел басына күн туған шақта қол ұшын созып, көмектесу Қазақстан азаматтарының борышы деп білемін.

Хабар 24 телеарнасы