383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


У.Тоқпатаев: Президент жарлығы орта таптың тұрмыс деңгейін түзетуге серпін бермек

  • 201
  • UPD: 23:35, 27.06.2019
У.Тоқпатаев: Президент жарлығы орта таптың тұрмыс деңгейін түзетуге серпін бермек

Әлеуеті әлжуаз отбасылардың несиелік қарызын жабу туралы президент жарлығы қоғамдағы орта таптың тұрмыс деңгейін түзетуге үлкен серпін бермек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондықтан бұл дер кезінде қабылданған шешім. Қазір банкке қарызы бар отбасылардың тапқан табысының басым бөлігі сол берешекті жабуға жұмсалып жатқаны жасырын емес. Шығыс Қазақстан облыстық «Дидар» газетінің бас редакторы Уәлихан Тоқпатаев та бұл көмектің көпшілікке тигізер пайдасы орасан екендігін айтады. 

Уәлихан Тоқпатаев, «Дидар» газетінің бас редакторы:

– Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің президенттікке сайлау науқаны кезінде сабақтастық негізінде Елбасының стратегиясын жалғастыра отырып осы әлеуметтік мәселелерді шешуге уәде еткен болатын. Енді сол уәдесін орындап жатыр. Бұл азаматтардың борыш жүктемесін азайту туралы жарлығы дер кезінде әлеуеметтік мәселені шешуге бағытталған. Бұл жалпы Қазақстан азаматтарының әлеуметтік мәселесін шешуге бағытталған үлкен ауқымды шаралардың басталғанын дәлелдейді.

Хабар 24 телеарнасы