389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тұрғындар Арысқа жасырын жолмен кіріп кетіп жатыр

  • 490
  • UPD: 23:30, 27.06.2019

Түркістан облысы Арыс қаласындағы залалсыздандыру шараларын сапалы әрі барынша қауіпсіз жүргізу үшін тәжірибелі мамандар тартылған, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Олар оқ-дәрі ұшып түсуі мүмкін деген аумақтың әрбір шаршы метрін, тұрғын үйлерді, әскери бөлім іші-сыртын түгел тексеріп, сүзгіден өткізіп жатыр. Шаһарға әлі де кіруге рұқсат жоқ. Бірақ жасырын жолмен кіріп-шығып жүрген тұрғындар бар екен.

Шаһарда газ, электр қуаты, су желілері іске қосылды. Бірақ шашылған оқ-дәрілер әлі де табылып жатыр.

Марат Жүнісов, Арыс қаласының тұрғыны:

– 100 процент үйдің әйнектері жоқ. 50-60 процент үй жарамсыз. Мен 7 рет кіріп аралап шықтым. Өртенген үй көп.

Арыста негізгі күш қала ішін оқ-дәрілердің қалдықтарынан тазартуға жұмсалып жатыр. Қазіргі уақытқа дейін 16 бөлімшедегі көшелер мен 11 шақырым теміржол бөлігі тазартылған. Тәжірибелі мамандар қаланың барлық бөлігін жіті тексеріп, сүзгіден өткізіп жатыр. Алайда қалыптасқан қауіпті жағдайға қарамастан шаһарға бірнеше рет кіріп-шыққандар бар. 

Ермиян Бятов, Оңтүстік өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары:

– Саперлермен 5 мыңнан астам жарылғыш зат тазартылды. Бұл іс-шараға 2 мыңнан астам әскери қызметші және 200 әскери техника қатысуда. Мобильді инженерлік-саперлік постар ашылды. Қарапайым тұрғындар жарылғыш заттарды тапқан жағдайда осында хабарласа алады.

Арыс қаласы жарылғыш заттардың қалдықтарынан 70 процент тазартылды. Мұндай ақпарды Оңтүстік өңірлік қолбасшылығы таратып отыр. Қала ішінде залалсыздандыру шаралары әлі жалғасып жатыр. Оқиға орнында тәжірибелі инженерлік-сапер мамандардан жасақталған 43 топ жұмыс істеуде.

Әскери қызметшілер айтарлықтай төніп тұрған қауіп жоқ деп отыр. Дегенмен сақтық шараларын ұмытпаған жөн. Қалаға кіретін жолдың барлығы бұрынғыша жабық тұр. Қазір шетінен құрылыс материалдары тиелген жүк көліктері ішке кіргізіле бастады.

Авторлары: Руслан Бақытбекұлы, Бақытжан Бапаев 

Хабар 24 телеарнасы