384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Борыш жүктемесін азайту туралы шешім көп балалы отбасылар жүгін жеңілдетеді

  • 175
  • UPD: 11:30, 28.06.2019
Борыш жүктемесін азайту туралы шешім көп балалы отбасылар жүгін жеңілдетеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың несиені жабу туралы шешімі көп балалы отбасылардың жүгін жеңілдетеді.

Биыл мемлекет тарапынан оларға бұрын-соңды болмаған қолдау шаралары қолға алынды. Солардың бірі атаулы әлеуметтік көмек. «Осының барлығы әр жанұяның әлеуметтік жағдайын жақсартуға оң әсерін тигізеді» дейді петропавлдықтар.

Уәлихан Құлатаев, қала тұрғыны:

- Менің ойымша, біздің халық үшін ол үлкен үлес қосады. Өйткені әрбір адамда Қазақстанда әрбір адамда несие бар. Сондықтан оны жапқан соң, адам өзін еркін сезіне алады. Көпбалалы отбасылар үшін үлкен көмек тиеді деп ойлаймын. 

Галина Посылаева, қала тұрғыны:

- Менің ойымша, бұл көп балалы отбасыларға зор қолдау болмақ. Өз басым Президенттің шешіміне қатты қуанып отырмын. Өте дұрыс шешім.

Хабар 24 телеарнасы