389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда күніне арналған іс-шаралар саны 3 есеге қысқартылды

  • 442
  • UPD: 22:42, 28.06.2019

Елорда күніне орай бұрын 300-ге жуық іс-шара өтетін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл бұл сан 3 есе қысқартылды. Сәйкесінше шығын да азайды. Қаланың әр жерінде ұйымдастырылатын 100 шараның 70-тен астамын тегін тамашалауға болады. Биыл Open Air секілді ірі шаралар өтпейді. Ашық аспан астындағы гала-концерт те мерекелік бағдарламадан алынып тасталған. Шетелдерден әншілер шақырылмайды. Есесіне қаланың бірнеше алаңда шағын концерттер ұйымдастырылады. Мәдени-спорттық шаралар қала шетіндегі шағын аудандарда да өтеді. Жылдағы дәстүр бойынша елорда тұрғындары мен қонақтары кешке 3 жерде ұйымдастырылатын отшашуды тамашалай алады.

Ерлан Қаналимов, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары:

– Шығыны көп, көп шығын талап ететін, ресурстар талап ететін үлкен іс-шаралардың бәрін біз тоқтатып тастадық. Олар Open Air сияқты, қазақстандық және ТМД өнер жұлдыздарының, басқа да гала-концерт дегендер болмайтын болды. Іс-шараларға 600 мыңнан астам елордалық және 250 мыңнан астам қонақ қатысатын болады.

Хабар 24 телеарнасы