384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Отандық ғалымдар жол сапасын жақсартатын қоспаны қолдануды ұсынды

  • 159
  • UPD: 14:20, 01.07.2019
Отандық ғалымдар жол сапасын жақсартатын қоспаны қолдануды ұсынды

Қазақстандық ғалымдар жол сапасын жақсартатын резеңке-асфальт қоспасын жол құрылысына пайдалануды ұсынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жол ғылыми зерттеу институтының мамандары бұл қоспаны сынақ ретінде екі жыл бұрын Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласында және Көкшетау-Омбы тас жолына төсеген. Ұзындығы 500 метр жол учаскесі екі жылда әдеттегі жолдардан қарағанда төзімділігін көрсетті. Ғылыми институт мамандарының айтуынша, құрамында тозған дөңгелектердің үгінділері бар қоспаны жол құрылысына қолданғанда, жарық-сызаттар пайда болмайды, су өткізбейді, тығыз әрі автокөлік дөңгелектеріне жайлы. Инновациялық жоба экологиялық жағынан да тиімді. Жыл сайын елімізде 80 мың тоннаға жуық автокөлік шиналары қоқысқа тасталады. Олардың тек 40 пайызы ғана қайта өңдеуге жіберіледі.

Ғалия Измаилова, ҚАЗЖҒЗИ департамент директоры:

– Дөңгелек үгінділерін ұсақтап,асфальтті-бетонды қоспаға біркелкі болып араласу үшін түрлі техникалық әдістерді қолдану керек. Бұл жол жабындысын Қазақстанның кез келген аймағында қолдануға болады.

Хабар 24 телеарнасы