384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда әкімі Арыс қаласынан келген 200 баланы қарсы алды

  • 248
  • UPD: 14:17, 01.07.2019

Бүгін таңертең Нұр-Сұлтанға Арыс қаласынан зардап шеккен 200 бала келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елорда вокзалында балаларды қала әкімі Алтай Көлгінов қарсы алды. Ɵз сɵзiнде əкiм оларды елорданың көрікті жерлеріне кɵңiлдi экскурсиялар, концерттік және цирк бағдарламалары, танымал адамдармен қызықты кездесулер күтіп тұрғанын атап өтті.

Өз қатарластарын белгілі әнші Ержан Максим құттықтады. Ол қонақтарға кɵңiлдi демалыс тіледі. Оқушылар 20 ұстазбен бірге келді. Елордада олар Оқушылар сарайы, Нұр-Әлем сферасы, Бейбітшілік және келісім сарайы, Ұлттық мұражай, «Астана-Бәйтерек» монументі, «Астана-Опера», Тұңғыш Президент мұражайы, «Атамекен» этно-мемориалдық кешені, «Алау» мұз айдыны, «Сары-Арқа», «Барыс Арена», «Астана-Арена» спорт кешендері және т.б. сияқты қаланың көрікті жерлерін аралайды.

Алтай Көлгінов, қала әкімі:

– Бұл – бірінші топ. 10 шақты күн болады. Одан кейің екінші топ аламыз. Жалпы 500-ден 1000 балаға дейін ұйымдастыра аламыз. Каникул кезі. Өздеріңіз білесіздер. Арыста қазір құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Сондықтан балалар осы жерде уақытын өткізгені жөн деп есептедік. Егер Арыс жөнінде айтар болсақ, біздің бригада сол жерде құрылысты бастап кетті. 17 секторға бөлінген. Соның 9-секторы біздікі. Біздің инженерлер үйлерді қалыпқа келтіріп жатыр. Бізге тиесілі 700 үй бар. Бізге берілген тапсырма – соны 1 айдың ішінде бітіру. Оны біз аяқтаймыз.

Хабар 24 телеарнасы