389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында 15 млн тенгенің улы химикаттары ұрланды

  • 170
  • UPD: 14:52, 01.07.2019
Қостанай облысында 15 млн тенгенің улы химикаттары ұрланды

Гербицидтер Варваров елді мекеніндегі қоймадан қолды болды.

Жергілікті шаруашылық иесі полиция бөліміне осындай шағым түсірген. Химиялық заттар өсімдік зиянкестерін жоюға арналған. Шығын көлемі 15 миллион тенгеден астам. Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, шұғыл-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде екі қүдікті ұсталған. Қазір ҚР ҚК «Аса ірі көлемдегі ұрлық» бабы бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұрланған гербицидтер иесіне қайтарылды.

Авторы: Мағауия Қалиев

Хабар 24 телеарнасы