384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұржан Мұхамеджанова «Қазақ радиолары» ЖШС бас директоры қызметіне тағайындалды

  • 122
  • UPD: 16:40, 01.07.2019
Нұржан Мұхамеджанова «Қазақ радиолары» ЖШС бас директоры қызметіне тағайындалды

«Қазақ радиолары» ЖШС-на жаңа басшы келді.

Бұл туралы «Қазақстан» телерадиокорпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

««Қазақстан» РТРК Басқарма төрайымы Ләззат Танысбайдың шешімімен «Қазақ радиолары» ЖШС бас директоры болып ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Құрмет орденінің иегері, БАҚ саласында 40 жылға жуық тәжірибесі бар белгілі медиаменеджер Нұржан Нұхамеджанова тағайындалды» делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, «Қазақ радиолары» ЖШС құрамына Qazaq radiosy, Shalqar, «Астана», Classic радиолары кіреді.

Хабар 24 телеарнасы