389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейліктерге судағы қауіпсіздік туралы ескертілді

  • 232
  • UPD: 08:25, 04.07.2019
Семейліктерге судағы қауіпсіздік туралы ескертілді

Семейлік құтқарушылар Ертіс өзеніне түсушілерге сақтық шараларын сақтау қажеттігін ескертті.

Аптап ыстыққа байланысты өңірдегі су қоймаларында демалушылардың саны артқан. Осыған байланысты рейд кезінде тұрғындарға арнайы үнпарақтар үлестіріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Профилактикалық шараларды құтқарушылар күніне екі рет өткізеді. Айта кетейік, шомылу маусымы басталғалы Семейде үш адам суға батып кетті. Оның біреуі бала. Ал облыс бойынша 7 тұрғын тілсіз жаудың құрбаны болған.   

Марат Дәулетин,  құтқарушылар бөлімінің бастығы:

- Суға батудың негізгі себептері адамдар күшін асыра сенімділікпен шомылады. Терең жерге кетіп қалады байқамастан. Екінші фактор ішімдік ішу ең көп тараған. Әсіресе үлкендер арасында.

Хабар 24 телеарнасы