389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтан әлемдік архитектураның жаңа үлгісін қалыптастырды - сарапшы

  • 291
  • UPD: 20:41, 06.07.2019

Нұр-Сұлтан әлемдік архитектураның жаңа үлгісін қалыптастырды.

Қаланың сәулет-құрылысында хай-тек стилі мен ұлттық үрдіс үйлесім тапқан. «Арқа төсіндегі Қазақстанның жаңа астанасы ұлт мақтанышы», - дейді өзбекстандық тәуелсіз сарапшы. Ақылды қала жасыл экономикаға негізделген. Ең бастысы - халық үшін қолайлы.

Шухрат Хуррамов, тәуелсіз сарапшы:

Мені әсіресе, Опера және балет театры қатты қызықтырды. Бұл өте үлкен театр. Хан Шатыр керемет архитектуралық құрылысқа негізделген. Қаланы тұрғызғанда жергілікті сәулетшілерді ғана емес, әлемдік деңгейдегі архитекторларды тартқаны көрініп тұр. Бір сөзбен айтқанда, эксперимент алаңына айналған сияқты. Меніңше, сол тәжірибе нәтижелі болған. Өте заманауи әсем қала бой түзген.

Хабар 24 телеарнасы