389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде күніне кем дегенде 10 адам суға кетеді - ТЖК

  • 345
  • UPD: 15:17, 12.07.2019
Елімізде күніне кем дегенде 10 адам суға кетеді - ТЖК ernur.kz

Елімізде күніне кем дегенде 10 адам суға кетеді. Олардың арасында балалар да бар.

Бүгін төтенше жағдайлар комитеті өкілдері соңғы үш күнде тіркелген статистикалық мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ведомство өкілі Владимир Беккердің айтуынша, шомылу маусымы басталғаннан бері 126 адам, оның ішінде 50 бала суға кеткен. Төтенше жағдайлардың көбеюін мамандар күннің ысуымен байланыстырады. Болжамдарға сай, мұндай ауа райы әлі бір апта бойы сақталады. Сондықтан құтқарушылар табиғат аясында демалушыларға суда шомылу ережелерін сақтай отырып, тек арнайы бекітілген орындарда шомылуға және балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.

Владимир Беккер, ҚР ІІМ ТЖК төрағасы:

- Шомылу маусымы басталғанан күннен бастап ТЖК бөлімшелері қайғылы жағдайлардың алдын алу жұмыстарын белсенді жүргізіп жатқанына қарамастан, тұрғындар қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамайды. Балаларын қараусыз қалдырып жатады. Өкінішке қарай, су айдындарында қаза тапқандардың көбі балалар.

Хабар 24 телеарнасы