384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы өндіріске серпін берді

  • 153
  • UPD: 23:47, 13.07.2019
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы өндіріске серпін берді

Өңдеуші кәсіпорындар мен агроөнеркәсіп кешендеріне мемлекет «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы 600 млрд теңге бөледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен жылы қолға алынған жаңа тұжырымдама отандық бизнесті қолдауды көздейді. Сонымен қатар кең қолданысқа ие, халық көп тұтынатын тауарларды қолжетімді бағамен ұсыну жоспарланып отыр. Осы бағдарламаны насихаттау, кәсіпкерлерге жеткізу мақсатында Оралда ашық есік күні ұйымдастырылды. Қазірдің өзінде аймақта құны 220 млн теңге болатын 6 жоба мақұлданса, тағы 50 бизнес-жобаның тиімділігі сараптамадан өткізіліп жатыр. Сондай серпінді жобалардың бірі – экологиялық таза, тағам өндірісі, тамақтандыру саласына арналған қағаз құтылар шығаратын кәсіпорын. Бұл осы бағдарлама бойынша ең алғаш мақұлданған жобалардың бірі, бұйыртса, қыркүйек айында іске қосылады. Өңірде бұрын-соңды болмаған бұл өндіріс орталығы айына жарты млн дана сусын ішуге арналған құты жасап шығаратын болады. 

Досхан Сәттібаев, «Даму» қоры БҚО филиалының бас менеджері:

– Қазіргі таңда бағдарлама жақсы қарқынмен жұмыс жасауда. Яғни бағдарламаға жасап жатқан кәсіпкерлер және жаңадан ісін бастап жатқан кәсіпкерлер қатыса алады. Несие мерзімі 7 жылға дейін және осы инвестиция мақсатына және айналым қаражатын толықтыру және өңдеу өнеркәсібі, агроөнеркәсіпшілік осы бағдарлама аясында қаражат алуға мүмкіндіктері бар.

Хабар 24 телеарнасы