383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


50 арыстық жеткіншек Жайықтың жағасында демалып жатыр

  • 111
  • UPD: 08:29, 14.07.2019
50 арыстық жеткіншек Жайықтың жағасында демалып жатыр

Елу арыстық жеткіншек жазғы демалысын ақ Жайықтың жағасындағы лагерьде өткізіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл оқушылардың жасыл желекке бөленген шаһарға алғаш баруы. Алдағы он күнде олар лагердегі ойын-сауықтық бағдарламалардан бөлек үш тілдегі танымдық сабақтарға да қатысады. Ал дәрістен бос уақытын Оралдың көрнекті орындарын аралаумен өткізеді.

Жазғы лагердегі демалыс кезек-кезегімен он тәулікке жалғасады. Әр кезектің өзіндік бағдарламасы бар. Мәселен, алғашқы он күнде түрлі сайыс пен Олимпиада жеңімпаздары демалды. Екінші кезеңде болашақ ІТ-мамандық иегерлері болды. Үшінші кезең журналистика саласын, соңғысы үш тілде танымдық сабақтарды қамтиды. Мұнда арыстық жеткіншектерден бөлек, Самара өңіріндегі қазақ диаспорасының 14 баласы демалуға келген.

Мариям Балғабай, Арыс қаласының тұрғыны:

- Бұл жақта 10 күн боламыз, табиғаты керемет, таза ауа, барлығы ұнады. Керемет көңіл күйдеміз, керемет іс-шараларға дайындалу үстіндеміз, сайыстар өтіп жатырмыз.

Дияр Дүйсенбаев, оқушы (РФ):

- Осы лагерьде 7-ші рет жазғы демалысымды өткізіп жатырмын. Жыл сайын жаңа достармен танысамын. Мұнда уақыт өте көңілді өтеді. Тәлімгерлеріміз үнемі жанымыздан табылады. Бірге футбол, баскетбол ойнаймыз.

Лагерь бір маусымда 450-ге бала қабылдай алады. Демалыс-сауықтыру бағдарламасына қызықты ойындар мен өзенге шомылудан басқа музей-саябақтарға танымдық саяхаттар да қосылған.

Гүлсім Дүйсенғалиева, «Дарын» орталығының директоры:

- Маусымның биылғы ерекшелігі - балалардың бұнда тек қана демалып ғана, сонымен бірге оқу-жаттығу да бірге жүреді. Өйткені бұл дарынды балаларға арналған орталық болғаннан кейін мұнда оқу-жаттығулар демалыспен бірге ұйымдастырылады. Бізге келген қонақтарыңыздың БҚО туралы үлкен бір мағлұмат алып кетуі барысында бағдарлама ұйымдастырылды.

Биыл Батыс Қазақстан облысы бойынша жазғы лагерлерде 100 мыңға жуық бала демалуда. Бұл көрсеткіш мектеп оқушыларының 94%-ін қамтиды.

Авторлары: Талғат Исламұлы, Болат Жарылғасов

Хабар 24 телеарнасы