386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде жол қозғалысының орташа жылдамдығы ұғымы енгізілуі мүмкін

  • 210
Елімізде жол қозғалысының орташа жылдамдығы ұғымы енгізілуі мүмкін

Жол ережесінің бұзылуын автоматты түрде тіркейтін құралдардың көмегімен елімізде жылына 1,5 млн-ға жуық факті анықталады.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Кеңісбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Жол ережесін бұзудың алдын алу мақсатында республика жолдарында 4 мыңнан астам автоматты тіркеу жүйесі орнатылған. Техникалық құралдың көмегімен жылына орта есеппен 1,5 млн-ға жуық жол ережесінің бұзылу фактісі анықталады. Бұл жол-патруль полициясы қызметкерлері анықтайтын оқиғалардың 40 пайызына тең.

«Ішкі істер министрлігі Парламент депутаттары мен қоғам белсенділерінің қатысуымен жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелері талқыланған дөңгелек үстел отырысын өткізді. Оның нәтижесі бойынша жол қауіпсіздігі деңгейін арттыруға бағытталған ұсыныстар әзірленген. Жылдамдық режимін тіркейтін фото-бейне стационарлық жүйелерінің санын арттырумен қатар «орташа жылдамдық» ұғымын енгізу ұсынылып отыр», – деді Әлібек Кеңісбаев.

Әзірге «орташа жылдамдық» ұғымы заңмен анықталмаған. Министрлік тарапынан ұсынылып отырған жаңашылдық мынадай жолмен жүзеге асырылуы мүмкін: қаладан шығар жолға орнатылған камера көліктің маркасын, мемлекеттік нөмерін және қаладан шыққан уақытын тіркейді. Сосын діттеген жеріне жеткенде келесі камера қайтадан аталған мәліметтерді және келу уақытын есепке алады. Осылайша жолды қандай жылдамдықпен жүріп өткені белгілі болмақ.

Егер жүргізуші жылдамдықты асырса жауапкершілікке тартылады. Айта кетерлігі, мұндай тіркеу жүйесін негізінен республикалық маңызы бар жолдарда енгізу ұсынылды.  

Хабар 24 телеарнасы