386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда екі азамат 4-қабаттан секірмек болған бойжеткенді құтқарды

  • 224
  • UPD: 23:56, 16.07.2019

Атырау қаласында екі азамат көпқабатты үйдің 4-қабатынан секірмек болып жатқан бойжеткенді құтқарып қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға куәгерлері дереу полиция қызметкерлеріне хабарласқан және тұрғындар да көмекке келген. Солардың арасында осы үйдің бірінші қабатындағы дүкенде жұмыс істейтін азамат пен жеке көлігімен өтіп бара жатқан тағы бір азамат ерекше ерлік көрсетті. Оның бірі қолына ұзын таяқ алып, екінші қабаттағы балконға көтерілсе, екіншісі қолына күрек алып, қолдарынан келгенше құтқару операциясына қатысты. Нәтижесінде терезеден секірмек болған бойжеткенді ұзын сырықпен, күрекпен кері қарай итеріп, полицейлер жеткенше пәтердің ішіне кері кіргізді.     

Назымгүл Қайсағалиева, облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

– Есенбай Қайыров пен Микаил Катаровқа алғыс табыс етілді. Алғыс хатты табыс ету рәсімі Атырау қалалық ПБ патрульдік полиция қызметкерлерінің жалпы жиыны барысында берілді. Жалпы алғыс хаттты табыс еткен полиция басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Биғамбаев екі азаматтың жасаған ерлігі тек қана Атырау тұрғындарына ғана емес, сонымен қатар полиция қызметкерлеріне де үлгі болатындай әрекет екенін атап өтті.

Хабар 24 телеарнасы