386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада аптап ыстық ай соңына дейін сақталады

  • 237
Қызылордада аптап ыстық ай соңына дейін сақталады Телефакт

Қызылордада шілденің шіліңгір ыстығында жедел жәрдемге жүгінушілер қатары артқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір сынап бағанасы +42 градусты көрсетіп тұр. Синоптиктердің болжамы бойынша, мұндай аптап ыстық ай соңына дейін жалғасады, тіпті термометр көрсеткіші +45 градусқа дейін көтерілуі мүмкін деп ескертуде. Оның үстіне солтүстік-шығыстан секундына 28 метр жылдамдықпен ұйытқи соққан жел де жағдайды ушықтыра түсуде. Ыстықтан қысылып, қан қысымы көтеріліп өзін жайсыз сезінген тұрғындар қатары артқан. Жалпы облыс бойынша жедел жәрдем станциясының 49, емханалардың 28 бригадасы күндіз-түні шақыруларға қызмет көрсетуде.   

Толқын Жұматаева, облыстық жедел жәрдем станциясының аға дәрігері:

– Соңғы 10 күнде аптап ыстыққа байланысты шақырту саны көбейді. Бұрын шақыру саны 1200-1300 болса, қазір 1600-1700 көбейіп тұр.

Хабар 24 телеарнасы