386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда кезекті рет «Жолда қабылдау» акциясы өтіп жатыр

  • 196
  • UPD: 21:04, 20.07.2019
Атырауда кезекті рет «Жолда қабылдау» акциясы өтіп жатыр

Қабылдау барысында тұрғындар полиция қызметіне қатысты сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді. 

Атап айту қажет, бұл акцияға облыстық полиция департаментінің бастығынан бастап барлық деңгейдегі басқарма басшылары қатысты. Бұл жолы  тәртіп сақшылары  халықпен байланысты интерактивті жүйемен де қамтыды. Сонымен қатар  әлеуметтік желілердегі департаменттің ресми парақшаларының тікелей эфир мүмкіндігі арқылы халықтың сұрағына тікелей эфирде жауап берді. Аймақтағы өзекті мәселелердің бірі жол-көлік апаттары. Мәселен жыл басынан бері облыс аумағында 117 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, одан 24 адам қаза тапқан. Бүгінгі акция кезінде  қарапайым тұрғындар полицейлермен емен-жарқын сөйлесіп, құқық қорғау саласындағы көкейкесті мәселелерді қозғауға мүмкіндік алды. 

Нығымет Мутигуллин, облыстық ПД бастығының  орынбасары:

- Бүгінгі күнгі қабылдау ерекшелігі департамент бастығы және барлық орынбасарлары осы халықтың ортасына шығып, сұрау берген азаматтардың барлық мәселелерінің шешімін табуына көмегін көрсетіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы