386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыстағы эпидемиологиялық ахуал тұрақты

  • 198
  • UPD: 20:27, 20.07.2019

Арыс қаласы тұрғындарының тынысы тарылып, белгісіз індеттен көз жұмып жатыр деген ақпарат жалған.

«Шаһарда болған апаттан кейін шығып жатқан мұндай дәлелсіз ақпарларға ермеуге шақырамыз» дейді Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Марат Пашимов. Қазіргі таңда Түркістан облысының дәрігерлері Арыс қаласы тұрғындарының денсаулығын тексеру үшін үй-үйді аралауға кіріскен. «Халық арасында кенеттен келген кеселге кезіккендері анықталған жоқ» дейді ақ халаттылар.

Айта кетейік, Арыс қаласында орналасқан 17 аумақта 24 маусымнан бастап дәрігерлер тәулік бойы қызмет көрсетіп жатыр. Бұдан бөлек арнайы медициналық штаб үздіксіз жұмыс атқаруда. Жалпы қаланың эпидемиологиялық жағдайы толық бақылауда», - дейді Түркістан облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов. Сала мамандары 28 маусым мен 18 шілде күндері аралығында Арыс қаласында 18 мыңнан астам жеке және көп қаббатты тұрғын үйлердің, 441 мекеменің аулаларын тексерілген. Тексеру нәтижесінде тұрғындар мен сауда орындарынан 11 мың келіге жуық азық-түлік тәркіленген. Қаладағы барлық қоқыс орындары, әжетханалар залалсыздандырылған. Жалпы 50-ге жуық үй жануарының өлексесі шығарылыпты. Әлі де қалада аумақтарды тексеру, дәрілеу жұмыстары жалғасады.

Марат Пашимов, облыстық клиникалық аурухананың бас дәрігері:

- 25-інен бастап маусымның осы уақытқа дейін сектордың ішінде 5 мың 34 адамға көмек көрсетілген. Әр секторда медицина бригадалары мен дәрігерлер тәулік бойы жұмыс істейді. Тағы Арыстың емханасы ол да тәулік бойы жұмыс жасап жатыр. Науқаста қабылдап жатыр көмек көрсетіп жатыр. Бірақ кеше бір ақпарат шықты. Арыстықтар денемізге бөртпе шығып жатыр деген. Ондай жағдай тіркелмеген. Ондай жағдай болмаған.

Хабар 24 телеарнасы