385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арал өңірінде жас мамандарды ауылға жұмысқа тартуға ерекше көңіл бөлінеді

  • 177
  • UPD: 10:32, 22.07.2019

Қызылорда облысында жас мамандарды ауылдық жерлерге тартуға айрықша көңіл бөлінеді.

Мәселен, соңғы 4 жылда Жаңақорған ауданының емдеу мекемелеріне «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында жүзден астам медициналық қызметкер бағытталды. Оның үстіне жас дәрігерлердің қолына алатын жалақысы мамыр айында 109 мың теңге болса, қазір 30% көбейіп, 154 мың теңгеге жетіп отыр. Ал санаты жоғары және еңбек өтілі көп мамандардың айлығы 2 жүз мың теңгеден асып жығылады.

2014 жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында Жаңақорған аудандық емханасына жұмысқа тұрған Арайлым Әшімова бір реттік көмек алып, баспаналы болды. Түске дейін адам қабылдап, түстен кейін есепте тұрған науқастардың хал-жағдайын білу үшін үй аралайтын ол, әсіресе аймақтық дәрігерлерге қолдау көп екендігін айтады.     

Арайлым Әшімова, жалпы тәжірибелік дәрігер:

- Аймағымда 1714 халық бар, 1 жасқа дейінгі балалар 42, туу жасындағы әйелдер саны 449, 14 жасқа дейінгі бала 419. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жастарды жұмысқа шақырамын. Емханада барлық жағдай жасалған. Бұрын категория бойынша 134 мыңдай тг алып жүрдім, 1-маусымнан бастап қосылғаны 34 мың. Сонда 164 мың болып тұр.    

Айдос Шерниязов - мемлекеттік бағдарламамен ауданға жіберілген алғаш маман. Өзі терапевт, ал жұбайы гинеколог. 2011 жылы берілген баспанада 3 баласы дүниеге келген. 

Айдос Шерниязов, дәрігер-терапевт:

- Биыл жастар жылында ауылда жеңілдіктер көп. Үй беріліп жатыр, мамандар жақсылап талмай еңбек етсе, бәрі жетеді деп ойлаймын.

яхия шорабаев, Жаңақорған ауданаралық ауруханасының бас дәрігері:

- Біздің ауданда қазір тек қана реаниматолог-анестезиолог сол дәрігерге ғана қажеттілік бар. Осы биыл бітіргендер арасынан күтіп отырмыз. РФ екі көз дәрігеріміз оқып, биылға арнайы микроскоп болады. Соны алсақ офтольмохирургия көзге операция жасау бөлімшесі ашылады деп күтіп отырмыз. Мамандар дайын.  

«Жас аналар» мектебінде күніне 20-30 жүкті әйелге кеңес беретін Эльвира Бименова бағдарламаға биыл құжат тапсырып, оң нәтижесін күтіп жүр.

Эльвира Бименова, акушер:

- Жас маман ретінде бар ынта-жігеріммен жұмыс жасап, халыққа қалтықсыз қызмет ете беремін. Тамақтану пирамидасы және жүктіліктен кейінгі контроцепциялар, жүктіліктен сақтану жолдары осы жөнінде сөз қозғалады әр әйелдік жүктілік мерзіміне байланысты.

Жалпы Жаңақорғанда жыл сайын 2 мыңдай сәби дүниеге келеді. Аудандағы 17 ауылдық амбулаторияның барлығында жас мамандар қызмет етеді.

Авторлары: Қамбар Бекенов, Қанат Еңсебаев, Әлхайдар Тұрлыханов

Хабар 24 телеарнасы