386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада жедел жәрдем бригадаларының IV республикалық жарысы өтуде

  • 225
Елордада жедел жәрдем бригадаларының IV республикалық жарысы өтуде

Елордада кезекті жедел медициналық көмек бригадаларының және қабылдау бөлімшелері командаларының IV республикалық жарысы өтуде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шараның салтанатты ашылу рәсімінде Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мемлекеттің денсаулық сақтау жүйесіне, соның ішінде жедел медициналық жәрдем қызметіне баса назар аударылатындығын атап өтті. Ол 2021 жылға дейін соңғы техникамен жабдықталған 800-ге жуық жаңа көлік сатылып алынатынын және 2025 жылға дейін медицина қызметкерлерінің орташа жалақысы 550 мың теңге болатынын атап өтті.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

– Бұл төртінші республикалық конкурсты біздің ұлттық жедел шұғыл медициналық кординация орталығы өткізуде. Жыл сайын өткізеді. 18 бригада қатысады. Мақсатымыз – осы конкурсты жалпы оқу мәселе бойынша қосымша жаңа тренинг өткізуге пайдаланып отырмыз. Көріп отырсыздар, халықаралық деңгейден келген сарапшылар да қатысып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы