386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыстан 50-ге жуық бала Петропавл маңындағы демалыс лагеріне келді

  • 189
  • UPD: 21:45, 23.07.2019

Арыстық 50-ге жуық оқушы аққайыңдар өлкесі атанған Солтүстік Қазақстан облысында тынығып, денсаулықтарын нығайтады.

Бүгінде олар Петропавл қаласы маңында орналасқан «Алтын күз» лагеріне жайғастырылды. Жеткіншектерді алда қандай қызықты бағдарламалар күтіп тұр? 

Жүздері бал-бұл жайнаған Арыстық балалар екі мың шақырым жолды артқа тастап Петропавлға да жетті. Бүлдіршіндерді жергілікті жұртшылық құшақ жая қарсы алды.

Еліміздің оңтүстігінен солтүстікке 48 бала демалуға келді. Олар қалаға  жақын орналасқан сауықтыру лагеріне жайғастырылды.

Үйден жыраққа шыққан жеткіншектер жат жерді тосырқап жатқан жоқ. Керісінше  жер көріп, түрлі қызықты сәттерін суретке түсіруде. Бұл жолы балалар облыс орталығында жаңадан ашылған оқушылар сарайын тамашалады.

Нұрдәулет Ердалы, Арыс қаласының тұрғыны:

- Солтүстік Қазақстанға бірінші рет келіп жатырмын. Ауа-райы керемет. Салқынырақ. Қызықты сәттерді өткізіп жатырмыз. Ойын ойнап, тамақ ішіп. Және де осындай армандарымның орындалып жатқанына қуаныштымын.

Балалар бір ай бойы демалады. Осы аралықта балғындар қаланың көрікті орындары мен мәдени ошақтарын аралайды.

Ғалия Ілиясова, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы:

- Арнайы жоспар бекітілді. Бүгін міне оқушылар сарайында болса, алда мәдениет және демалыс саябағына барып атракциондарға тегін отырады. Шахардағы түрлі мәдени ошақтарды аралайды. Облысымыздың көркемөнерпаздары лагертге барып концерт қояды. Спорттық жарыстар тағы бар.    

Жеткіншіктер тамыздың 21-інде Арысқа қайтады. Оған дейін солтүстік Қазақстандықтар оларды бастан аяқ киіндіруді де жоспарлап қойыпты. 

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Вадим Пятков

Хабар 24 телеарнасы