385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы әкімі мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасауды тапсырды

  • 183
  • UPD: 16:51, 24.07.2019
Алматы әкімі мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасауды тапсырды nashkamensk.ru

Бақытжан Сағынтаев басқарма басшыларына мүмкіндігі шектеулі жандарға барлық жағдайды жасауды тапсырды.

Бұл туралы Бақытжан Сағынтаев Facebook парақшасында  айтты.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мүмкіндігі шектеулі жандармен өткізген жиында бірнеше мәселені көтерді.

«Олар үшін көп қабатты ғимараттардың, пандустар мен табалдырықтардың, әсіресе барлық мемлекеттік және медициналық мекемелерде, ХҚО–ларда қолжетімді болуына немкетті қарамаған жөн. Қоғамдық денсаулық және білім басқармалары жеке мекемелермен жұмыс істеулері тиіс. Бұлар маңызды жұмыстар. Сайфеденов, Төсекбаев, Қожабергенова, Телібаев тексерулермен толық аудит жүргізетін болады», - деді қала әкімі.

Қоғамдық көліктер мен бағдаршамдарға арнайы дыбыстық қондырғылар орнатылуы тиіс. Бұл зағип және көзі нашар көретін жандар үшін қажет.

«Зағиптар мен нашар көретіндер үшін аялдамаларды хабарлайтын дауыстық опциямен автобустардың небәрі 55%-ы қамтылған. Қозғалыс кезінде оларды ұмыт қалдыруға болмайды. Көлікке отыру және түсу кезінде көмек көрсеткен жөн. Зағиптар үшін қауіпті бұрылыстардағы бағдаршамдарға дыбыстық белгі орнатылуы тиіс. Метроның жаңа бекеттерін салу барысында мүгедектерге қажет қолжетімділіктің барлық талаптары сақталатын болсын», - дейді Бақытжан Сағынтаев

Бұл — Әукеновке және қалалық мобилдік басқармасына берілген тапсырма.

«2019 жылы мүгедек жандардың 60%-ы реабилитациямен және әлеуметтік қызметтермен қамтылған. Үкіметтік емес ұйымдар ересек мүгедектер үшін көпфункционалды реабилитациялық орталық ашуды ұсынды. Үлкен мәселе әрі қаржыға қатысты. Мәселе бірден шешілмейді, ұтымды жолдарын іздестіреміз. Бұл істі орынбасарларым Өсеров пен Әукеновке тапсырамын», - деді ол.

Мүмкіндігі шектеулі мектеп жасындағы балаларды инклюзивті біліммен қамту жоспарда.

«Өкінішке қарай, заң талаптары орындалмайды. Квота бойынша жұмыспен қамту деңгейі төмен. Еңбекпен қамту орталықтары, кәсіпкерлік басқармасы саланың ҮЕҰ және кәсіподақпен бірге осы бағытта жүйелі жұмыстарды жүзеге асырулары қажет»,- делінген жазбада.

Бүгінгі күні Алматы қаласында 43200 мүгедек жан тұрады.

Хабар 24 телеарнасы