386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыста 2179 үй қалпына келтірілді

  • 356
  • UPD: 14:42, 25.07.2019
Арыста 2179 үй қалпына келтірілді

25 шілдеде Арыс қаласында 2179 үйдің жұмысы аяқталды.

Тағы да 5 мың ЖТҚ объектілері және КПТҮ күрделі жөндеумен қамтылды, деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Тұрғын үйді қалпына келтіруге 7596 жұмысшы (бір күн бұрын – 7380 күн) тартылды.

Естеріңізге сала кетейік, Арыс қаласындағы барлық тұрғын үй қорының 85%-ы әскери полигондағы жарылыстан зардап шеккен болатын. Бүгінгі таңда мамандар 183 үйді қайта тұрғызып жатыр.

Тағы 1950 жұмысшы 66 әлеуметтік нысандарда жұмыс істейді. 4 нысан (1 – білім беру, 2 – денсаулық сақтау, 1 – спорт) толық қалпына келтіруді талап етеді.

Министрлік тарапынан бірінші вице-министр Қайырбек Өскенбаев құрылыс жұмыстарының барысына күнделікті бақылау жасап, мониторинг жүргізуде.

Хабар 24 телеарнасы