386,66 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


А.Мамин елордадағы жылу электр орталығының құрылыс барысын тексерді

  • 148
  • UPD: 20:27, 26.07.2019
А.Мамин елордадағы жылу электр орталығының құрылыс барысын тексерді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Нұр-Сұлтан қаласындағы жаңа ЖЭО-3 құрылысының барысын, отын-энергетика кешенінің нысандарын жаңғырту барысын тексерді.

ЖЭО-3 құрылыс алаңында Үкімет басшысына ЖЭО-3 құрылысының бірінші кезеңі қуаттылығы 480 Гкал/сағ болатын су жылытатын қазандық салуды қарастыратыны баяндалды.

Теміржол және автокөлік кіру жолдары салынды, әкімшілік-тұрмыстық кешен ғимараттары салынды. Негізгі жабдықты автоматтандыру және электрлік бөлігін монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінде нысанның даярлығы 70% құрайды.

ЖЭО-3 құрылысы таяу жылдары елорданың батыс бөлігінде жылуға деген артып келе жатқан сұранысты қамтуға мүмкіндік береді, сонымен қатар, жеке өндіруші қуатты және Нұр-Сұлтан қаласындағы отын-энергетика кешенінің жылу көзін айтарлықтай ұлғайтады.

Құрылыс алаңында ҚР Премьер-Министріне әрекет етіп тұрған ЖЭО-1 және ЖЭО-2 энергия көздерін жаңғырту және газдандыру, энергия кешенінің алдағы жылыту маусымына дайындығы туралы ақпарат берілді.

ҚР Үкіметінің басшысы елорданың отын-энергетика кешенінің нысандарын салу және жаңғырту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

primeminister.kz

Хабар 24 телеарнасы