386,66 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР ИИДМ жылыту маусымына дайындық жүргізіп жатыр

  • 143
  • UPD: 23:14, 26.07.2019
ҚР ИИДМ жылыту маусымына дайындық жүргізіп жатыр

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде алдағы жылыту маусымына дайындық және коммуналдық-тұрмыстық сектор мен тұрғындарды көмірмен қамтамасыз ету бойынша селекторлық кеңес өтті. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлайды.

Кеңес ұлттық экономика министрлігінің, облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдіктерінің, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және «ТКМӨҚ» ЗТБ өкілдерінің қатысуымен ҚР ИИДМ вице-министрі Аманияз Ержановтың төрағалығымен өтті. Әкімдіктерге коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындар және халыққа көмір дайындау; көмір тапшылығын болдырмау үшін өңірлерде көмір жеткізушілермен өзара іс-қимыл жасау бойынша; коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер мен халық үшін көмірді жеткізуге мониторинг жүргізу және апта сайынғы негізде ҚР ИИДМ ақпарат жіберу; көмірдің бар болуы және сату нүктелері туралы хабарлау үшін жедел желі құру бойынша; бұрыс ақпаратты таратуға жол бермеу бойынша БАҚ және әлеуметтік желілерде түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы; көмірдің заңсыз қымбаттауын болдырмау үшін монополияға қарсы ведомствоның аумақтық бөлімшелерін тарту бойынша жұмыстарды жалғастыру ұсынылды.

Хабар 24 телеарнасы