386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда «Бақытты отбасы» бағдарламасы іске қосылды

  • 158
  • UPD: 13:07, 30.07.2019
Павлодарда «Бақытты отбасы» бағдарламасы іске қосылды

Павлодарда «Бақытты отбасы» бағдарламасына өтініштер қабылдана бастады.

Бұл – әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды  қолдауға бағытталған  жоба. Жергілікті әкімдік  тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен бірлесіп жүзеге асырады. Баспанаға мұқтаж жандарға 19 жылға 2%-пен  берілетін несиеге 10 млн теңге көлемінде тұрғын үй сатып алуға жағдай жасалады. Жыл сайын бұл мақсатқа республика бойынша мемлекеттен 50 млрд теңге қаржы қарастыру көзделген. Биылдың өзінде Ертіс өңірі шамамен 330-340 жолдама күтіп отыр. Бағдарламаға 4 және одан көп баласы бар отбасылар, бір немесе одан да көп бала бағып отырған толық емес отбасы және мүгедек бала асырап отырған шаңырақ иелері қатысады. Олардың табысы жан басына шаққанда 42 мың 500 теңгеден аспауы керек.

Сәуле Қабылбекова, клиенттермен жұмыс жүргізу жөніндегі басқарма бастығы:

– Біздің банктің ішкі шарты бойынша ол аса ескі болмауы, 50 жылдан аспауы керек. Құжаттары бәрі дұрыс болуы шарт. Сондай үйді таңдап алып келгеннен кейін рәсімдеп, жаңағы айтқан жарнаны салып, содан кейін беріледі. Әрине біреуі болсын, екеуі болсын жұмыс істеуі керек. Несие қаржысынан тексереміз, қараймыз, тым болмаса  төменгі жалақысы болса, онда осы бағдарлама бойынша өтеді. Өйткені қолжетімді, төлемі өте төмен.

Хабар 24 телеарнасы