386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«IQala» орталығының жұмыс барысы таныстырылды

  • 155
«IQala» орталығының жұмыс барысы таныстырылды

Бұдан былай бас шаһар тұрғындары коммуналдық қызмет түрлерін алу үшін жылжымайтын мүлік құжаттарын бір жерден ресімдей алады.

«АйҚала» орталығы арқылы 6 ұйым жеке және заңды тұлғаларға 20 қызмет түрін ұсынып отыр. Оның ішіне жылу беру, қоқыс жинау, электр мен су желілері және кәріз жүйесі сынды алғашқы қажеттіліктегі сервистер кіреді. Жыл соңына дейін өзге де салалық қызмет саны 129-ға жеткізіледі деп жоспарланып отыр. Айта кетейік, қалалық қызмет орталығының жұмысына «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры мен «Астана» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының мамандары атсалысып келеді.

Дастан Хамитов, қалалық тазалық сақтау компания өкілі:

– Барлық тұтынушыға ыңғайлы боп тұрғаны, «АйҚала» орталығына толық құжаттарымен келіп, барлық коммуналдық ұжымдармен шартқа отыруға болады.

Хабар 24 телеарнасы