386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбелік омарташылар мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылып келеді

  • 157
  • UPD: 09:15, 01.08.2019
Ақтөбелік омарташылар мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылып келеді

Нәтижесінде жыл өткен сайын ара өсірушілер саны артып, бал жинау ұлғаюда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тек биылдың өзінде 40 тонна бал алу көзделіп отыр. Бұл кәсіп түрі облыста осыдан үш жыл бұрын пайда болған еді. Алғашқыда тек екі кәсіпкер ғана ара өсірумен айналысса, бүгінде олардың саны 40-қа жуықтаған. Балды өңдеп, тұтынушыларға дайын өнім жеткізу ісі де қалыпты жолға қойылды. Болашақта көрші өңірлер мен шетелге экспорттау көзделіп отыр.

Панабек Бимұратов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:

- Бүгінгі таңда Үкімет тарапынан көрсетіліп жатқан көмек те бар. Биылғы жылға біздің бюджетімізде селекциялық асыл тұқымды жүргізгені үшін 3 млн теңге бүгінгі күні қарастырып отырмыз. Былтыр 2,5 млн теңге болса, биыл оның көлемі 3 млн теңгеге жетті. Бір бал арасы семьясына 5 мың теңгеден қаралып отыр.

Хабар 24 телеарнасы