385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде жылу маусымына дайындық қызу жүріп жатыр

  • 141
  • UPD: 23:24, 02.08.2019
Өскеменде жылу маусымына дайындық қызу жүріп жатыр

Өскеменде де жылу маусымына дайындық қызу. Жыл сайын осы салаға 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл жазда көп қабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың басым көпшілігі тексерілген. Қазір мектептер мен ауруханалардағы жылу жүйелері назарда. Бұл жұмыстарды арнайы комиссия қадағалайды.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр қыста қаладағы бір мектеп пен 19 үйдің инфрақұрылымынан ақау табылған еді. Сондай-ақ аймақ халқы көмірден тапшылық көрді. Осы себепті отынды қамдау шаралары биыл өңірде ерте басталды. Көмір тамыздың бесінен бастап орталық жылу қазандықтарына жеткізіле бастауы тиіс. Бүгінде бұл нысандарда жоспарлы жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы