386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматының жаңадан қосылған шағын аудандарында су мәселесі шешімін таппақ

  • 116
  • UPD: 21:19, 05.08.2019
Алматының жаңадан қосылған шағын аудандарында су мәселесі шешімін таппақ

Алматы қаласының жаңадан қосылған шағын аудандарында су мәселесі көп ұзамай шешімін табады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Таяуда Наурызбай ауданында 25 шақырым су желісі және 20 шақырым кәріз желісін тарту жұмыстары басталады. Бүгін Алматы әкімдігінің энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы қаладағы коммуналдық қызмет бойынша тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Қордаланған мәселелер аз емес. Мәселен, істен шыққан су жүйелері, тозығы жеткен кәріз құбырлары әр ауданда кездеседі. Мамандардың айтуынша, олар кезегімен қайта жөндеуден өткізіліп жатыр.

Нұрлан Өмірханов, қалалық энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы бас маманы:

- Келген кісілер Қарағайлы ықшам ауданынан ол жерде жаз айларында су қысымы азайып кетеді дейді. Ол жерде көбіне бау-бақша өсіретін аудан болғандықтан, елдер бақша суарады, бір үйде суғарып жатса, екінші үйге су жетпей қалуы мүмкін. «Алматы судың» жұмыскерлеріне айттық, рейд жүргізіп, халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, халыққа күндіз суғармау мәселесін, кешкісін, 12-ден, 1-ден кейін суғарыңыздар дедік.

Хабар 24 телеарнасы