386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда он шақты көлік жуушы кәсіпорын сусыз отыр

  • 126
  • UPD: 18:40, 06.08.2019
Павлодарда он шақты көлік жуушы кәсіпорын сусыз отыр

Павлодардағы 10 шақты көлік жуу орнында әлі су жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кәсіпкерлер 20 күннен бері қол қусырып қарап отыр. Олардың айтуынша, монополист компания ештеңе түсіндірместен, суды тоқтатып кеткен. Табыс болмаған соң еңбеккерлердің алды өзге жерден жұмыс іздеп кеткен. Су беруші монополист компания келісімшарттарға қол қоюдан бас тартып, мәселенің неден туындағанын айтпаған. Кәсіпкерлер өз құжаттарының барлығы реттеліп, түгенделгенін айтады. Мұның алдында қала әкімі көмек берем деп уәде еткен екен. Бірақ нәтиже жоқ. Енді құқық қорғау органдарының көмегіне жүгінбек.

Лашын Сарбасова, облыс бойынша «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы:

– Осы тектес мәселе өткен жылдары көтерілген. Енді қайталанып жатыр. Монополист ұйым бизнес өкілдерімен келісімшарт жасаудан бас тартып, судан ажыратқаны белгілі. Біз өз тарапымыздан кеңес құрып, мәселені зерттеп жатырмыз. Бұл іске прокуратура органдары да тартылады.

Хабар 24 телеарнасы