386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Түркістан - Қызылжар - Қостанай - Көкшетау». СҚО-да ақпараттық тур басталды

  • 171
  • UPD: 23:20, 06.08.2019

Солтүстік Қазақстан облысында «Түркістан – Қызылжар – Қостанай – Көкшетау» ақпараттық туры басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Түркістан қаласынан шыққан арнайы топ осы өңірлерді аралап, оңтүстіктен қоныс аударған ағайынның тұрмыс-тіршілігімен таныспақ. Әрі тағы да жұмыс күшін қажет елді мекендерді анықтайды.

Мақсат Есжанов өткен жылдың тамызында отбасымен оңтүстіктен солтүстікке көшіп келді. Қазір Октябрьское ауылында тұрады. Үй алып, шағын шаруашылығын да ашты. 

Мақсат Есжанов, Октябрьское ауылының тұрғыны:

– Мектепке алғашқы әскери дайындықтың мұғалімі болып орналастым. Қосымша ауыл шаруашылығымен айналысайын дедім. Сағынасың туған жеріңді. Бірақ өкініш жоқ.

Октябрьское ауылына оңтүстіктен 10 отбасы орналасты. Жергілікті жұрт оларды құшақ жая қарсы алып, бір-бірімен біте қайнасып кеткен. Бұл жолы елді мекенге Түркістан облысынан арнайы топ келіп, қоныс аударған ағайынның тұрмыс-тіршілігімен танысты.

Бағдарлама басталғалы Түркістан облысынан Қостанай, Павлодар, Солтүстік пен Шығыс Қазақстанға 200-ден астам отбасы қоныс аударды. Көшем дегендер тағы бар. 

Дамир Жүнісов, Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары:

– Қазіргі кезде қоныс аударған азаматтардың саны 683 адам болатын болса, оның 287-і еңбекке қабілетті, тұрақты жұмыспен қамтылғандар – 204 адам. 8 адам жеке кәсібін ашқан. Жалпы көші-қон мәселесі бойынша біздің Түркістан облысы жетекшілік етіп тұр. Яғни 60 пайызын құрап отыр негізгі көшіп келгендердің.

2021 жылға дейін облыста оңтүстіктен көшіп келемін деген отбасыларға 3 мың тұрғын үй салынады.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы