386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтаудағы тігін фабрикасы аяқ киім өндірісін жолға қойды

  • 122
  • UPD: 08:46, 07.08.2019
Ақтаудағы тігін фабрикасы аяқ киім өндірісін жолға қойды

Шағын кәсіпорында негізінен әскерилер мен мұнай-газ саласы мамандарына арналған киім-кешек тігіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Былтыр мұнда құны бір млрд теңгеге жуық отандық өнім әзірленді. Мемлекет қолдауының арқасында іскер әйел ашқан фабрика жұмыс қарқынын еселеп отыр. Бүгінде оқушылар формасы мен аяқ киімін әзірлеуге көшті. Озық үлгідегі технологиялар қолданысқа енгелі көрші елдерден тапсырыстар түсе бастаған.

Айта кетейік, аталған тігін фабрикасы – өткен жылы осы аймақтағы жұмысшыларының жалақысын өсірген алты кәсіпорынның бірі.

Ақшагүл Жалабаева, цех бастығы:

– Қазір нарықта азық-түлік бағасы көтеріліп жатыр, сол себепті айлықтың көтерілгені бізге жақсы. Жылдан-жылға көтеріп, жұмысшылардың жағдайын жасап отырса, өте қуаныштымыз.

Зибира Хасанова, тігін фабрикасының директоры:

– Биылдан бастап жалпы халыққа арнап күнделікті киетін аяқ киімдер тігіп жатырмыз. Бұйыртса, келер жылы көрші елдердің нарығына шығуды көздеп отырмыз. Мемлекет саясатының нәтижесінде бізге тапсырыс берушілер қатары көбейіп келеді.

Хабар 24 телеарнасы